Инклюзив болашақ құру мен аймақтық диалогты ілгерілетуде Орталық Азияны қолдаймыз - Еуроодақ комиссары
2022 жылғы 16 маусым 11:45

Инклюзив болашақ құру мен аймақтық диалогты ілгерілетуде Орталық Азияны қолдаймыз - Еуроодақ комиссары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша «COVID-тен тыс жерде - Орталық Азияда әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» екінші өңірлік Саммитінде Еуропалық одақтың халықаралық әріптестік жөніндегі комиссары Ютта Урпилайнен бейнеүндеу форматында жолдау арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссар Ютта Урпилайнен Еуропалық одақтың Орталық Азияға Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу ісінде көмектесуге бейілділігін атап өтті.

«Біз неғұрлым тұрақты және инклюзивті болашақ құру мен аймақтық диалогты ілгерілетуде Орталық Азияны қолдауға дайынбыз. Біздің жаңа Global Gateway атты стратегиямыз тұрақты әрі жоғары сапалы инфрақұрылым, жастардың инклюзивті дағдыларын дамыту және аймақтың денсаулық сақтау жүйелерінің төзімділігін нығайтуға инвестиция салу арқылы Еуропа мен оның серіктестерін біріктіруге септігін тигізеді», - деді ол.

БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монари өз сөзінде Тұрақты даму мақсаттарына табысты қол жеткізу даму жолдарын түбегейлі өзгертуді талап ететінін айтты.

«2030 жылға дейін небәрі сегіз жыл қалды, біз дамуды қалпына келтіру және алға жылжу үшін көбірек күш салуымыз керек. Бұл адамға инвестиция салуды, әлеуметтік қорғауды жақсартуды, сапалы білім беруді, лайықты жұмыс орындарын құруды, жаңартылатын энергия көздеріне көшуді және барлығына цифрландыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Мұндай батыл әрекеттер Тдаму мақсаттарын қаржыландыру жүйесін қайта қарауды талап етеді», - деп атап өтті БҰҰ ДБ Әкімшісінің Көмекшісі.

Еске салайық, бүгін Алматыда Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы екінші өңірлік Саммиті өтіп жатыр . Саммитті Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов ашты.

Фото: jamaica-gleaner.com

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT