Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстандық суға жүзуші алтын медаль жеңіп алды
2022 жылғы 14 тамыз 00:40

Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстандық суға жүзуші алтын медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыстың рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ел қоржынында 13-інші алтын медаль және Ислам ынтымақтастық ойындарының рекорды!
Финалда Аделаида Пчелинцева брасс тәсілімен жүзуде 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.


Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, қарсылас шақ келтірмеді. Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді күміс және қола медаль алды, ал жерлесіміз алтын медальды олжалады» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT