Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды
2022 жылғы 14 тамыз 01:52

Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 73 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 315 (145+170) келіні бағындырды.

Еске салсақ, бұған дейін ел құрамасынан Зульфия Чиншанло алтын алса, Өтепберген Әлиев қола жүлдегер атанды.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева алтын медаль жеңіп алды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT