Қ.Есқазиев: Бұл қадам Қазақстан экономикасын, оның ішінде, біздің кәсіпорнымыз «Ембімұнайгазды» нығайтуға жағдай жасайды
2015 жылғы 23 тамыз 15:03

Қ.Есқазиев: Бұл қадам Қазақстан экономикасын, оның ішінде, біздің кәсіпорнымыз «Ембімұнайгазды» нығайтуға жағдай жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде әлем экономикасы өте күрделі жағдайды бастан кешіп отыр. Оған белгілі бір дәрежеде шикізат көздерінің құнсыздануы, атап айтқанда, мұнай бағасының құлдырауы да себепкер болуда. Бұл ахуалдың әлемдік рынокқа өз тауарларын шығаратын біздің елімізді де айналып өте алмасы анық. Осыған орай Қазақстан Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. «Бұл қадамдар Қазақстан экономикасын, оның ішінде, біздің кәсіп-орнымыз - «Ембімұнайгазды» нығайтуға жағдай жасайды», - дейді «Ембімұнайгаз» ЖШС бас директоры Құрманғазы Есқазиев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.

«Ембімұнайгаз» ЖШС Ұлттық банк пен Үкіметтің жаңа экономикалық саясатқа және жаңа ақша-кредит саясаты режіміне көшу туралы шешімін толық қолдайды. Экспорттық тауарларға деген сыртқы конъюнктура соңғы уақыттары нашарлай түсуде. Мұнайдың әлемдік бағалары барреліне 115 доллардан 48,5 долларға дейін, яғни іс жүзінде 2,5 есе төмендеді.

Мұнай өнімдеріне бағаның айтарлықтай төмендеуі жағдайында бізде табыстардың елеулі түрде төмендеуі байқалды. Таяу уақыттары ірі мұнай өндіруші ел болып табылатын Ираннан санкциялар алынады деп күтілуде. Халықаралық рынокқа ірі ойыншы шығады, ал ол мұнай өнімдері бағасының кезекті төмендеуіне себепкер болмақ. Қалыптасқан жағдайда таргеттелген валюта саясатына көшуді мен дұрыс және уақтылы шара деп есептеймін.

Бұл қадамдар Қазақстан экономикасын, оның ішінде, біздің кәсіпорнымыз - «Ембімұнайгазды» нығайтуға жағдай жасайды. Қабылданған шаралар біздің өз жұмысшыларымызға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша қабылдаған барлық міндеттемелерімізді орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, бізге штаттарды қысқартуға, сол сияқты, еңбекақыларды төмендетуге жол бермеудің сәті түседі.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT