Қадір түні Алматы орталық мешітінде құлшылық таңға дейін созылады
2022 жылғы 27 сәуір 22:14

Қадір түні Алматы орталық мешітінде құлшылық таңға дейін созылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталық мешіті Қадір түніндегі құлшылық пен іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі мешіттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы орталық мешітінің мәліметіне сәйкес, Қадір түніндегі іс-шаралар тізімі төмендегідей:

21:19-21:25 Құптан намазының азанын айту – Қасым Ашимов

21:25-21:40 Бас имам Төлеби Оспанның – «Қадір түні – мың айдан да қадірлі» тақыбырындағы уағызы

21:40-21:50 Құптан намазын оқу

21:50-22:20 Тарауих намазының алғашқы 8 ракағатын оқу – Төлеби Оспан, Серік Ахметов

22:20-22:40 Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаевтың – «Ислам әдебі» тақырыбындағы уағызы

22:40-23:00 Тарауих намазының келесі 4 ракағатын оқу – Мансур Инаятулла

23:00-23:15 Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алматы жамағатын құттықтауы (онлайн, тікелей эфир)

23:15-23:40 Виктариналық сұрақтар (онлайн) –Есім Ержан

23:40-23:50 Еркін ғибадат

23:50-00:10 Есім Ержанның – «Алламен дос болу» тақырыбындағы уағызы

00:10-00:25 Тарауих намазының келесі 4 ракағатын оқу – Серік Ахметов

00:25-00:45 Екі рәкәғаттық намаз үйрету дәрісі – Қасым Ашимов

00:45-01:00 «Намаз үйрен» марафонының жүлдесі 2 Ұмра қажылығын табыстау – Есім Ержан

01:00-01:15 Бас имам Төлеби Оспанның – «Алланың мейірімі» тақырыбындағы уағызы

01:15-01:30 Әйел жамағаты түсірген 90 Құран Хатымды бағыштау

01:30-01:45 Тарауих намазының келесі 4 ракағатын оқу – М.Инаятулла

01:45-02:05 Сұрақ-жауап виктаринасы – Қасым Ашимов

02:05-02:20 Еркін ғибадат

02:20-02:35 Бас имам Төлеби Оспанның – «Дұға мұсылман қорғаны» тақырыбындағы уағызы

02:35-02:50 Төрт ракағат тәһәжжуд намазын оқу

02:50-03:00 Үтір намазын оқып, бата жасау

03:00-04:10 Сәресін ішу

04:20-04:25 Таң намазының азанын айту – Қасым Ашимов

04:40 Таң намазын оқу.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-де басталатынын хабарлаған болатынбыз.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT