Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК және полиция басшыларына қатысты 9 іс қозғалды
2022 жылғы 20 маусым 16:15

Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК және полиция басшыларына қатысты 9 іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты облыстық полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетті департаменттерінің басшыларына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығы Cерік Шалабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT