Қаңтар оқиғасында 150 адам ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде
2022 жылғы 3 мамыр 16:42

Қаңтар оқиғасында 150 адам ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін ұрлық қылмысы құрайды – 157. Қарудың заңсыз айналымы бойынша– 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру бойынша – 23 іс бар.Осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда»,

- деді Тергеу дапеартаментінің бастығы.

Оның сөзіне қарағанда, күдіктілердің кінәсі қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, оқиғаны көзбен көрген куәгерлердің мәліметімен, алынған заттармен дәлелденіп жатыр.

«Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлармен келісу бойынша осы қылмыстық істер бойынша түбегейлі процестік шешімдерді қабылдау жоспарлануда. Сонымен бірге жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде біздің тергеушілер 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады» , - деді Санжар Әділов.

Бұған дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде әсіресе үш өңірде нысандар қатты тоналғанын айтқан еді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT