Қарағанды облысы Осакаров ауданының атауы өзгереді
2022 жылғы 20 маусым 16:35

Қарағанды облысы Осакаров ауданының атауы өзгереді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаров ауданы «Сарыбел» деп аталмақ. Бұл мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан тұрғындары арасында Осакаров ауданының атауын өзгерту туралы 90-шы жылдардың аяғында айтыла бастады. Соңғы жылдары бұл мәселе халықпен кездесулерде де, әлеуметтік желілерде де жиі қозғалады.

«Сарыбел» - бұл аймақтың тарихи атауы. Бұл мәселені Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлары мен доценттері терең зерттеп келеді. Барлық ауылдық округтер мен кенттер бойынша тыңдаулар өтті. Хабарландырулар аудандық әкімдіктің және мәслихаттың ресми сайттарында, сондай-ақ аудандық «Сарыбел КЗ» және «Сельский труженик» газеттерінің парақшасында жарияланды. Тыңдауға Қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті қоғамдастықтар және аудан тұрғындары қатысты. Барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді», - деп хабарлады Осакаров ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігінен мәлімдегендей, Осакаровка кентінің өзін қайта атау туралы мәселе көтерілмеген. Ол сол күйінде қала бермек.

Сонымен қатар ведомствоның айтуынша, бұл қайта аталу процессіне байланысты жеке тұрғындар тарапынан ешқандай шығындар болмайды. Барлық құжаттар тиісті органдарға жіберіледі.


Фото: foto-planeta.com

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT