кеше 16:30 «Арқаның алтын тәжі»: Қарқаралыда қай жерге барып демалуға болады ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ұлттық табиғат бағы мен әсем таулары – Сарыарқаның інжу-маржаны. Бұл аймақтың таза табиғаты тәнді ғана емес, адам жанын да емдей алады. Біздің тілшіміз Қарқаралының туристік нүктелеріне қалай жетуге болатынын айтып береді.
24.05.2023 14:44 Қарағанды облысында жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 677 дерек тіркелген ҚАРАҒАНДЫ. Интернет-алаяқтық қылмысының күн санап өсуіне байланысты Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин тұрғындарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24.05.2023 14:35 Қарағанды облысында 7 ЖЭО-да ауқымды жөндеу жүргізіледі ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жаңа жылыту маусымының алдында Қарағанды облысында 7 ЖЭО-да ауқымды жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 13:32 Досбол Құлекеев Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Құлекеев тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Саят Шаймин өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 13:20 Қарағанды облысында жыл басынан 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілген АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан Қарағанды облысында 1,1 трлн теңгеге өнім өндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 13:04 Қарағанды облысының 5 мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттен қолдау алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының 5 мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттен қолдау алады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:57 Қарағанды облысында 1,3 мың шақырым автожол жөнделеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысында 1 374 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл туралы өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:55 165 жаңа автобус сатып алынады – Қарағанды облысының әкімі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірде автобус паркін жаңарту жоспары және ONAY! электронды билет жүйесін енгізудің артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:42 Қарағанды облысының тұрғындары 80% жергілікті өніммен қамтамасыз етілмек ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тұрғындары 2027 жылға қарай 80% жергілікті өніммен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:38 Қарағанды облысында ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктері кеңейтілуде ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім беру жүйесінің дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.05.2023 12:29 Қарағанды облысында 11 жаңа кәсіпорын ашылады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында жаңа инвестициялық жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 18:02 Қарағандыда құбыр жарылып, ондаған үй сусыз қалды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Сұрыптау шағын ауданы және Компанейс кентінің тұрғындары бірнеше сағат бойы суық сусыз отыр. N6 магистральдық су құбырында диаметрі 500 мм болатын жарық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 09:41 «Қазақстан барысында» Қарағанды облысының намысын қорғайтын палуандар анықталды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының 22 мықты палуаны «Сарыарқа Барысы» үздік атағы үшін өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 06:40 Қарағанды облысында ауыл мектептері тағы 8 жаңа автобус алды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауыл мектептерінің автопаркі тағы сегіз жаңа автобуспен толықты. Ыңғайлы көлік жол қауіпсіздігі талаптарына жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 04:09 Қарағандылық оқушы «Жусан иісі» шығармасы негізінде үстел ойынын құрастырды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Ақнұрай Амангелді Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі негізінде «Білім батл» үстел ойынын құрастырды. Аталмыш шығарма жалпы орта және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 17:14 Қарағандыда тұрғын үйдегі ірі өрттің себебі айтылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД бастығы тұрғын үйде болған өрттің себебін хабарлады. Үйдің төбесі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 16:28 Қарағандыда мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бес қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. Өрт шамамен 900 шаршы ауданды қамтыды. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2023 10:14 Сал ауруына шалдыққан кішкентай қарағандылық адаптивті таэквондоының арқасында жүре бастады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық Матвей Пенчук өзінің алтыншы туған күнін ArtSport бағдарламасы бойынша баратын адаптивті таэквондо сабақтарында қарсы алады. Тәжірибелі жаттықтырушы Ербол Игембаевтың жетекшілігімен корей жекпе-жегі бір жыл бұрын церебральды сал ауруымен ауыратын балаға алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 01:48 Балқашта оқушы полицияға мектепте террористер жүргені туралы жалған хабар берген АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушысы Балқаш полициясына террористер туралы хабарлаған. Хабар жалған болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18.05.2023 14:18 Абылай Сұлтанғали Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып тағайындалды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бұқар жырау ауданының әкімі болып Сұлтанғали Абылай Қайратқалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.