Қарағанды облысында ауыл тұрғыны 81 жастағы анасын тонады
2022 жылғы 19 маусым 04:33

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны 81 жастағы анасын тонады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция қызметкерлері бір күнде үш ұрлықты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полициясына елді мекендердің бірінің 64 жастағы тұрғыны жүгінді.

Ауыл тұрғыны белгісіз адам үйге кіріп, құны 40 мың тұратын болгарканы ұрлап кеткенін айтты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні – 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол жәбірленушінің үйіне құлып салынбай ашық тұрған есікті пайдаланып кіргенін айтып, ұрлығын мойындады.

Ал ұрланған электр құралын өз мақсатында пайдаланған. Заттай дәлел-болгарка тәркіленіп алынды.

Бірнеше сағаттан кейін Бұқар жырау ауданының полициясына басқа ауылда тұратын 63 жастағы әйелден арыз түсті.

Зейнеткердің айтуынша, ол үйге кіретін есікті құлыптап көршілеріне барған. Ол үйге қайтып келгенде үйіне белгісіз біреу кіріп, ұрлық жасағанын анықтаған. Кірген адам әмиянды ұрлап кеткен.

Полицейлер жәбірленушінің 64 жастағы ауылдасын «ізін суытпай» ұстады.

Біраз уақыттан кейін полицияға 81 жастағы зейнеткер қоңырау шалды. Анықталғаны, әйел дүкенге барған кезде белгісіз біреу үйден ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің 42 жастағы ұлы болып шықты. Заттай дәлел - ұялы телефон тәркіленіп алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT