Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген несиемен баспана беріледі
2022 жылғы 23 маусым 11:33

Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге жеңілдетілген несиемен баспана беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында кенші, металлург және жас мамандарға жеңілдетілген несиемен баспана беріледі. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған өңір әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдік Отбасы банкпен бірлесіп арнайы аймақтық бағдарлама әзірледі. Ол арқылы шахтерлер мен металлургтерге және әр салада жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген несиемен баспана берілетін болады. Сондай-ақ Қарағанды облысында жыл соңына дейін мыңнан астам отбасы жалдамалы және несиелік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің ақпаратына қарағанда, биыл жыл соңына дейін өңір бойынша 650 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT