Қарағандыда атыс болып, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады

2022 жылғы 24 қыркүйек, 17:15
Қарағандыда атыс болып, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде кеше Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Тәттімбет көшесінде басталған.

«ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ, көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған.

Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.

Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеуге алынды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar