Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік әрекет бойынша тексеру жүргізіп жатыр
2022 жылғы 20 маусым 22:07

Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік әрекет бойынша тексеру жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі «KARUAN» ЖШС-не қатысты рейдерлік әрекет бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттктің Telegram каналына сілтеме жасап.

«БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға Қаржы мониторингі агенттігі 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Н.Какеновтен «KARUAN» ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі.Басқа ақпарат жариялауға жатпайды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «рейдерлік» әрекет бойынша қылмыстық істі тіркегенін жазды. Оған Нұрша Кәкенов атты азаматтың шағымы себеп болған. Ол кезінде «Karuan» ЖШС-ның құрылтайшыларының бірі болғанын кейін оның үлесін тартып алғанын айтқан. Өзінің шығынын шағымданушы 150 млн долларға бағалап отыр.


Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT