Кәсіпорындар шығарынды мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті
2022 жылғы 9 маусым 18:44

Кәсіпорындар шығарынды мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өндірістік кәсіпорындар 2023 жылдың 1 қаңтарынан шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күшіне енген жаңа Экологиялық кодекс үлкен энергетикалық ауысуға кәсіпорындарды кезең-кезеңімен дайындық жұмыстарына ынталандыруға бағытталған. Кәсіпорындарға экологиялық төлемдерден толықтай босату есебінен өндірісті жаңғырту мүмкіндігі ұсынылып отыр. Өз кезегінде ірі өндірістік кәсіпорындар 2023 жылдың 1 қаңтарынан шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті. Бұл бізге атмосфера ауасының жайкүйі туралы обективті картинаны алуға көмектеседі. Үкіметтен осы талаптың дер уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді өтінемін», - деді Мемлекет басшысы.

Президент аумақтарды көгалдандыру және жаңа алқаптарға ағаш отырғызу маңызды міндеттердің бірі екендігіне назар аудартты.

«Менің тапсырмаммен 2025 жылға дейін еліміз бойынша екі миллиард ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Өткен жылы 138 миллион, ал биыл 280 миллион ағаш егілді. Алайда бұл қарқын жеткіліксіз, оны жылдамдату қажет. Кеңес мүшелерін аталған бастаманы қолдап, осы іске елеулі үлес қосуға шақырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT