Қайырбек Өскенбаев Атыраудан Ресейге дейінгі жол құрылысын тексерді
2022 жылғы 3 маусым 21:12

Қайырбек Өскенбаев Атыраудан Ресейге дейінгі жол құрылысын тексерді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Атыраудан Ресейге дейінгі жол құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Атырау облысындағы Исатай және Құрманғазы аудандарының тұрғындарымен кездесті. Шалғай елдімекен тұрғындарымен кездесуде аймақтағы қордаланған мәселелер талқыланды. Жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы жан-жақты мәліметтер айтылды. Жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

«Естеріңізде болса, Атырау облысына айына бір рет міндетті түрде келуге уәде берген болатынмын. Басты мақсатым – өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін жіті қадағалау. Өткен жолы Атыраудан келсем, бұл жолы Орал арқылы жол түсіп отыр. Қазір облыс орталықтарында да жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы сапарымда сол жұмыстармен де танысуға тура келді. Мемлекет басшысы өңірдегі көлік жолдарының ахуалына ерекше назар аударып отыр. Сондықтан, біз атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде әрдайым бақылауда ұстаймыз», - деді Құрманғазы ауылының тұрғындарымен кездесуде Қайырбек Өскенбаев.

Тұрғындардың айтуынша, қазір жол құрылысының нысандарында жұмыс қарқын алған. Жол жөндеу мен техникалардың саны көбейген.

Сондай-ақ, министр «Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытында жаңғыртылып жатқан жол құрылысының бірқатар құрылыс нысанын аралып, мердігер компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын министр Атырау-Астрахан автожолы аяқталғанша барлық басшылар құрылыс басында болатынын айтқан еді.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT