Қазақстан халқына қоры қаңтарда көз жұмған балалардың отбасына 7 млн теңгеден төледі
2022 жылғы 22 сәуір 13:56

Қазақстан халқына қоры қаңтарда көз жұмған балалардың отбасына 7 млн теңгеден төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне Қор ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін мәртебесін құзырлы орган растады.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.

Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн ​​теңгені құрады.

Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.

Еске салсақ, Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне көмек ретінде материалдық төлем төлей бастады.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT