Қазақстан халқына қорына 126 млрд теңге қаржы түскен
2022 жылғы 13 сәуір 17:12

Қазақстан халқына қорына 126 млрд теңге қаржы түскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы аталған қордың төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«126 млрд теңге түсті, оның негізгі бөлігі ірі төлемшілерден болды. Сонымен қатар, қомақты қаражат аударған орта кәсіпорындар да баршылық. Біздіңше, осы кәсіпорындар биылға арналған жоспарларын орындап шықты», - деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол жеке адамдар да өз қаражатын бағыттап жатқанын атап өтті.

«Қазіргі кезде қор қаражатын толықтыруға қатысты басқа бағыттардан келіп жатыр. Яғни, қаражат шағын сомада жеке адамдардан жіберіліп отыр. Олар Kaspi.kz арқылы мүмкіндігінше ақша бөлгенін көріп жатырмыз», - деді Болат Жәмішев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасында қаза болған 13 адамның туыстарына қордан қаражат аударылмақ.

«Бүгінде қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңгені құрады», - деді Л. Шыңғысбаева.

Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінгенін айтты.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT