Қазақстан референдумға барынша жақсы дайындалған – ТМД байқаушылар миссиясы
2022 жылғы 5 маусым 16:25

Қазақстан референдумға барынша жақсы дайындалған – ТМД байқаушылар миссиясы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов Қазақстандағы референдум бойынша өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дауыс беруге Қазақстан барынша жақсы дайындықпен келген. ТМД байқаушылар миссиясы референдум өткізудің техникалық жағына да, қолданыстағы заңнаманың бұзылуы тұрғысынан да ешқандай ескерту жасамады. Барлығы Қазақстан заңнамасы аясында, осы референдумда дауыс беру процесінің ашықтығы мен демократияны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық нормалар аясында жасалған», - деді спикер Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

Л. Анфимов бұл миссияның Қазақстанның ішкі істеріне араласпау, саяси бейтараптық және ТМД аясында қабылданған бірқатар құжат негізінде сайлау мен референдум өткізу бойынша ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейтінін атап өтті.

Референдумдағы байқаушылар арасында ТМД миссиясы көш бастап тұр. Түрлі елдер мен ТМД ұйымдары атынан 144 адам аккредиттелген.

Олар 21 мамырда жұмысын бастады.

Осы уақыт ішінде миссия штабы референдумдарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны зерттеген, миссияға қатысушылар үшін нормативтік-анықтамалық материалдар дайындаған.

ТМД байқаушылары референдумды Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және 4 облыс орталықтарында бақылайды.

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отырғанын айтқан еді.

Олар таңғы 7-ден бері референдум учаскелерін аралап жүр.

Сонымен бірге, Қырғызстаннан Қазақстанға 15 халықаралық байқаушы келді. Олар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында жұмыс істеп жатыр.

Жалпы Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы ретінде аккредиттеген.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT