Қазақстан сайлаушыларының 68 пайызы, яғни 8 млн адам референдумға қатысты
2022 жылғы 5 маусым 22:23

Қазақстан сайлаушыларының 68 пайызы, яғни 8 млн адам референдумға қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткізілген республикалық референдумда 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық референдум комисссиясы астана уақытымен сағат 22.00-де еліміздің барлық өңірінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанындағы 40 учаскеде дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректері бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасы мынадай болды: Ақмола облысы – 73,81, Ақтөбе облысы – 58,06, Алматы облысы – 72,83, Атырау облысы – 67,68, Батыс Қазақстан облысы – 69,37, Жамбыл облысы – 69,59, Қарағанды облысы – 77,39, Қостанай облысы – 72,28, Қызылорда облысы – 79,89, Маңғыстау облысы – 61,19, Павлодар облысы – 75,53, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49, Түркістан облысы – 80,66, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06, Алматы қаласы – 33,30, Шымкент қаласы – 72,53 пайыз», - деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді.

8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл - дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44 пайызы.

«Референдум комиссиялары дауыс санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялар хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы брифингте жарияланады. Оның уақыты қосымша айтылады», - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT