Қазақстан - түркиялық дрондарды шығаратын алғашқы шет ел болмақ
2022 жылғы 11 мамыр 21:40

Қазақстан - түркиялық дрондарды шығаратын алғашқы шет ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA дрондарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттық келісімге сәйкес, Қазақстанда «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA ұрмалы ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады»

, - деп мәлімдейді министрлік.

Құжатқа «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов және «Turkish Aerospace» (TUSAŞ) президенті, профессор Темел Котиль қол қойды. Келісім аясында құрылғыны бірлесіп өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру мен персоналды оқыту жағы жоспарланды.

Осылайша, Қазақстан ANKA дрондары өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел болды.

«Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді», - дейді Темел Котиль.

ANKA барлау және соққы дрондары 2013 жылы Түркияда құрастырылды. Ұрыс жағдайында сыналды. ҰҰА–ның ең жоғары ұшу салмағы - 1 700 кг, пайдалы жүктемені 350 кг дейін көтеруге қабілетті. Ұшу уақыты - ең жоғары биіктігі 9 000 м дейін 30 сағатқа жетеді. Қанатының ұзындығы - 17,5 м, ұзындығы - шамамен 8 м.

Еске салсақ, Қазақстан мен Түркия арасында Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT