Қазақстан ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуге дайындыққа кірісті
2022 жылғы 17 маусым 22:54

Қазақстан ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуге дайындыққа кірісті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдермен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайындық басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстанда ҰҚШҰ шеңберінде бірнеше іс-шара өтеді:

- жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

- барлау күштері мен құралдарының «Іздестіру – 2022» арнайы оқу-жаттығуы;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығуы.

Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаментінің бастығы Марат Аймашев 2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерлерінің бірлескен оқу-жаттығуларына дайындық бойынша екінші штабтық келіссөздер өткізді.

Онда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері негізгі ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде ұлттық контингенттерді жан-жақты қамтамасыз ету және өрістету тәртібін талқылады. Сондай-ақ оқу-жаттығулар өткізілетін орындарда болды.

Жоспарланғандай, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық контингенттерін қайта топтастыруды автокөлік, әуе және теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу барысын бақылау үшін құрамына қорғаныс ведомстволарының, құқық қорғау құрылымдарының, Ұлттық ұланның, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардың, Сыртқы істер министрліктері баспасөз қызметінің өкілдерін, аккредиттелген журналистерді қоса отырып, біріккен баспасөз орталығы өрістетілетін болады.

Айта кетейік, ҰҚШҰ оқу-жаттығулар жыл сайын өткізіледі. Қазақстанда өткізілетін үш оқу-жаттығудан өзге, ҰҚШҰ шеңберінде қазан айында Тәжікстан Республикасының аумағында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштері бөлімшелерінің «Шеп – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын, Қырғыз Республикасының аумағында бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT