Қазақстанда 36 мың жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
2022 жылғы 12 сәуір 08:38

Қазақстанда 36 мың жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 466 461 адам, екіншісін - 9 199 647 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуірге дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 986 598 адам, ІІ дозасын - 854 756 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонент

- Жасөспірімдер – 795 303

- Жүкті әйелдер – 36 545

- Бала емізетін әйелдер – 130 828.

ІІ компонент

- Жасөспірімдер – 711 473

- Жүкті әйелдер – 31 101

- Бала емізетін әйелдер – 110 917.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT