Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді
2022 жылғы 28 маусым 09:45

Қазақстанда БАҚ саны жыл сайын артып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медиа мен мемлекет өзара тығыз әрі маңызды ұғым екенін жақсы білеміз. Ақпарат құралдарын алға шығарып, жан-жақты дамыту қоғамның өсіп-өркендеуіне жол ашады. Бұны әлемдік процестен көріп отырмыз. Қазақстан да бұл даму динамикасынан қалып қойған жоқ. Отандық медиа-индустрия қарқынды және сапалы даму үстінде. Бүгінгі таңда елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген және жыл сайын олардың санының белсенді артып жатқаны байқалады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарының санымен бірге таралу аумағы да ұлғайып отыр. Яғни өзге тілде шығатын басылымдар белгілі бір этностар тұратын аймақтарда ғана емес, тұтастай республикаға кеңінен таралып жатыр.

«Десек те, Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару, таратуды тоқтата тұру немесе тоқтату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асады. Заңның бұл тармағы БАҚ-тың институционалдық қорғалуының айтарлықтай жоғары дәрежесін көрсетеді», - деді Асқар Омаров.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ саны жыл сайын артып келе жатқаны туралы жаздық.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT