Қазақстанда дертіне шипа табылмаған балалар шетелде ем алады - министрлік
2022 жылғы 1 маусым 11:46

Қазақстанда дертіне шипа табылмаған балалар шетелде ем алады - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде емдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда балалар «Шетелде емделу» бағдарламасы аясында ем алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға онкогематологиялық көмекті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы балаларға онкогематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жылына орташа есеппен 500-600 бала анықталады, 33 пайызы - 3-10 жас аралығындағы балалар. Соңғы бес жылдың ішінде 284 балаға гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау жүргізілді», - деді ол.

Оның дерегінше, соңғы жылдары балалардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 74,6 пайызға дейін өсті. 2025 жылға қарай 76 пайызға дейін ұлғайту күтілуде.

«Елде емдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда балалар «Шетелде емделу» бағдарламасы аясында ем алады», - деді Ажар Ғиният.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT