Қазақстанда дизель тапшылығы жоқ – Роман Скляр
2022 жылғы 8 маусым 15:56

Қазақстанда дизель тапшылығы жоқ – Роман Скляр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында Қазақстанда дизель тапшылығы жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанар-жағармайдың, соның ішінде дизель отынының тапшылығы байқалып отырған жоқ» деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, ол ішкі мұнай өнімдерінің нарығында теңгерім сақтау үшін 2022 жылдың аяғына дейін мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан сыртқа әкетуге тыйым салу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Ал ішкі нарықта жанармай саудасының шектеулі көлемде ғана жүруін болдырмау үшін сұраныс, ұсыныс, баға теңгеріміне ұдайы талдау жасалып отыр.

«Бүгінде мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істейді. Оған қоса жанармай өндіру және тарату жүйесін реформалаудың кешенді шаралары қабылданды. Ол бойынша өнімсіз делдалдарды нарықтан ығыстырып, мұнайды өңдеуші зауыттарға жеткізу схемасы қайта қаралады. Осылайша Үкімет жанар-жағармай бағасының негізсіз әрі күрт өсуін болдырмау үшін қажетті шараның бәрін қабылдап жатыр», - дейді Роман Скляр.

Айта кетейік, бұған дейін дедутатық сауалдардың біріне берген жауабында вице-Премьер Қазақстанда дизель бағасы өсіп жатқанын айтқан еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT