Қазақстанда қаңтардан кейін төрт түліктен аусыл табылған жоқ - АШМ
2022 жылғы 25 мамыр 10:38

Қазақстанда қаңтардан кейін төрт түліктен аусыл табылған жоқ - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола және Павлодар облыстарында үй жануарларына жасалған зерттеу кезінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, контагиозды плевропневмония, пастереллез, вирустық диарея және аусыл сияқты аурулар табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы 14 қаңтарда Қарағанды облысында аусыл ошағын тіркеді.

Көп ұзамай Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалығына карантин қойылып, байланыста болған бүкіл жануардың көзі жойылды, сондай-ақ дезинфекция жүргізілді.

Сонымен қатар, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымға аусыл туралы дереу хабарлады.

Осыған байланысты аталмыш ұйым вакцинациясыз аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін тоқтатты.

Ал импорттаушы елдер (Ресей, Қытай, Белоруссия және басқа) Қазақстаннан тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттауға қатысты шектеу шараларын енгізді.

Бұл қазақстандық экспорттаушылардың мүдде қолдауының (лобби) жоқтығын көрсетті.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ветеринария қызметі ауыл шаруашылығы құрылымдарының ветеринар дәрігерлерімен бірлесіп, аусыл бойынша жағдайды тұрақтандыру жұмысын жүргізді.

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің хаттарына сәйкес биыл сәуір айынан бастап Қазақстан аумағынан тағамдық коллаген өндіру үшін ІҚМ терілерін әкелуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық саулықты сақтау үшін Қазақстанның орталық аймағында төрт түлікті вакциналау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы хабарлады.

Айта кету керек, мал ауруына күдік туындаған әр жағдайда ветеринарлық қызметтер аккредиттелген зертханада зерттелетін биологиялық материалдың сынамасын алады.

Ақмола және Павлодар облыстарынан келген ауру жануарларды зертханалық зерттеу нәтижесіне сәйкес инфекциялық ринотрахеит орнатылды.

Шектеу шаралары енгізіліп, қазір қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Зерттеу нәтижесінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, аусыл, контагиозды плевропневмония, пастереллез және вирустық диарея сияқты аурулар анықталмады.

Жалпы, елімізде аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.


Jańalyqtar

MURAǴAT