Қазақстанда қоғамдық кеңестердің әлеуеті артуда
2022 жылғы 1 сәуір 14:46

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің әлеуеті артуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоғамдық кеңестердің әлеуеті артуда. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Ақпарат жне қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық кеңестер жұмысының жариялылығын арттыру мақсатында олардың қызметінің қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жария ету жөнінде шаралар қабылдануда. Министрлік қоғамдық кеңестердің қызметін жария ету жөніндегі 2022 жылға арналған медиажоспарды бекітті, онда нақты орындаушылары мен мерзімдері көрсетілген іс-шаралар көзделген. Бұдан басқа, министрлік қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда», - деп атап өтеді ведомство басшысы.

Мәселен, министрдің дерегінше, наурызда орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуымен құрылған қоғамдық кеңестер мүшелерін тарта отырып, 3 семинар-тренинг өткізілді. «Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» гранттық қаржыландыру жобасы аясында әртүрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер үшін 6 өңірлік оқыту семинары ұйымдастырылды.

«Оң практика мен тәжірибе алмасу мақсатында республиканың қоғамдық кеңестерінің мүшелері X Азаматтық форум аясында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестері: тәжірибе мен перспективалар» тақырыбында сараптамалық талқылауға белсене қатысты. Бұдан басқа, 2022 жылғы 17 наурызда Қазақстандағы құқық үстемдігі бастамасы (USAID көмегімен) Заңгерлер қауымдастығымен бірлесе отырып, тәжірибе алмасу, стратегиялық жоспарлау және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша интерактивті сессияларды енгізе отырып, қоғамдық кеңестер мүшелерінің әлеуетін күшейту бойынша тренинг өткізілді», - деді Асқар Умаров.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT