Қазақстанда рубль шамадан тыс көбейген жоқ - Қаржы министрі

2022 жылғы 4 қазан, 12:26
Қазақстанда рубль шамадан тыс көбейген жоқ - Қаржы министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елдегі Ресей рублінің айналымы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, менде бар ақпаратқа сәйкес, рубльдің шамадан тыс көптігі тіркелген жоқ. Егер Ұлттық банк қандай да бір қауіп көрсе немесе осынша көлемді Ресейге бір рет шығару қажеттілігін немесе басқа шараларды жоспарласа, Ұлттық банкпен талқылау жүргіземіз. Бұл мәселе Ұлттық банктің құзіретінде. Шара қабылдау үшін нақты шек көрсетілмеген», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Өз жауабында Қаржы министрі валюталық реттеу мәселелері Ұлттық банк құзыретіне жататынын айтты.

Кеше ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге мен рубль арасында тікелей айырбастау бағамын қалыптастыруға қатысты пікір білдірген еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar