Қазақстандық жауынгерлер 37 елдің әскерилері бас қосқан оқу-жаттығу жиынына қатысты
2022 жылғы 10 маусым 10:48

Қазақстандық жауынгерлер 37 елдің әскерилері бас қосқан оқу-жаттығу жиынына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылау үшін Түркия Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығулар Түркия Республикасының Измир қаласы маңындағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатыр. Оған 37 елдің әскери өкілдері, оның ішінде Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері де қатысуда.

Маневрлер барысында түраралық топтар құрамындағы өзара іс-қимыл пысықталды.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың бірлескен іс-қимылдары әскери шеберлік деңгейін көтеруге, жеке құрамның қажетті жауынгерлік дағдыларын арттыруға және арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, іс-шаралар барысында олардың проблемаларды шешу дайындығы пысықталмақ.

Біздің әскери қызметшілер теңіз десантын түсіруді қамтамасыз етуге қатысып, парашютпен секірді. Мергендер жұбы шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, армия авиациясы мен басқарылатын оқ-дәрілерді нысанаға алуды тәжірибе түрінде пысықтады.

Сапар барысында генерал-лейтенант Марат Хусаиновтың Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Яшар Гүлермен жұмыс кездесулері өтіп, Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің оқу-жаттығуларды басқару және көрме орталығына барды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT