Қазгидромет 7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

2022 жылғы 7 қазан, 01:16
Қазгидромет 7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 7 қазан, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar