Қазпошта өзін бопсалағандарды жауапкершілікке тартудың жолын қарастыруда
2022 жылғы 13 маусым 15:26

Қазпошта өзін бопсалағандарды жауапкершілікке тартудың жолын қарастыруда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазпошта серверлерінен ешқандай ақпарат сыртқа шықпаған. Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Хакерлік форумда «Қазпошта» АҚ деректер қорының бэкап серверіне кіру туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға компанияны бопсалау мақсатында бірнеше мың долларға ақпаратты сатып алуды ұсынып, бірнеше мәрте жүгінген болатын. Қазпошта серверлерінен ешқандай ақпарат сыртқа шықпаған. «Қазпошта» АҚ осы хабарландыру жарияланғанға дейін бопсалау туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берді. Бұл мәселені «Қазпошта» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жеке тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін пысықтап жатыр», - делінген хабарламада.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT