Кешкі 18.00 дейін тізімдегі азаматтардың 65 пайызы таңдауын жасап үлгерді
2022 жылғы 5 маусым 18:18

Кешкі 18.00 дейін тізімдегі азаматтардың 65 пайызы таңдауын жасап үлгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 7 624 641 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлердегі азаматтардың келуі мынадай: Ақмола облысы – 69,07, Ақтөбе облысы – 55,09, Алматы облысы – 68,1, Атырау облысы – 62,45, Батыс Қазақстан облысы – 65,49, Жамбыл облысы – 68,1, Қарағанды облысы – 73,31, Қостанай облысы – 71,07, Қызылорда облысы – 75,02, Маңғыстау облысы – 59,14, Павлодар облысы – 72,88, Солтүстік Қазақстан облысы – 73,12, Түркістан облысы – 78,24, Шығыс Қазақстан облысы – 72,76, Нұр-Сұлтан қаласы – 53,87, Алматы қаласы – 29,82, Шымкент қаласы – 69,55 пайыз. Жалпы, республика бойынша 7 624 641 азамат бюллетень алды. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 65,04 пайызы», - деді Шавхат Өтемісов.

Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 20.00-де ұсынады.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT