Кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам аты-жөнін өзгертіп, 15 жыл Ресейде жасырынған
2022 жылғы 8 маусым 20:33

Кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам аты-жөнін өзгертіп, 15 жыл Ресейде жасырынған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кісі өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адам 15 жылдан кейін Ресейден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

– Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы ІІМ Алтай өлкесі, Барнаул қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде кісі өлтірген іздеудегі қылмыскерді ұстады, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

2007 жылдың ақпан айынан бері іздестіріліп жатқан 40 жастағы азамат Павлодар қаласының Исиналиев көшесіндегі түнгі клубтардың бірінің маңында қару қолданып, ер адамға оқ атқаны анықталды.

Жараланған адам сол жерде көз жұмған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT