13:54 Қазақстан Ресей еншілес банктерінің қаражатын бұғаттаған жоқ - агенттік НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпараттық ресурстарда Қазақстанның Ресей еншілес банктеріндегі қазақстандықтардың қаражатын бұғаттағаны туралы дәйексіз ақпарат тараған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ресей банктері активтерін бұғаттау туралы ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:23 Үш айдан кейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына тағы қаржы бөлінеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш айдан кейін Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаржыландырылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:56 Банктен кепілдік алған 4800 адам 2-3 айда көлігін алады – Қайырбек Өскенбаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 пайыздық автонесиеге кепілдік алған 4800 адам 2-3 айдың ішінде көлігін алатынына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:21 Бір жылда 446 мың сәби - Қазақстанда беби-бум карантиннен кейін де жалғасып жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус өршіген 2020 жылдан бастап Қазақстанда бала туу көрсеткіші артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom порталына сілтеме жасап.
11:40 Биыл Қазақстан халқының 58 пайызы газбен қамтылады – министрлік НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қазақстан халқының 57 пайызы газбен қамтылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02:45 Петропавлда мас күйде көлік жүргізген адам 4,5 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көлік басқаруға құқы болмаса да рульге мас күйде отырып, бір адамның өліміне тағы біреуінің ауыр жарақат алуына себепкер болған ер адам 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01:21 Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынбақ – әкімдік АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта Алматыда халықаралық тәжірибені қолдана отырып, тұрақ кеңістігін дамыту мен ақылы тұрақтардан түсетін түсімді көшелер мен аулаларды абаттандыру үшін пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұл ретте қалада қордаланған мәселелерді шешу бағытында көпқабатты автотұрақтарды салу жоспары басымдыққа ие. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында мәлім болды.
кеше 22:56 Алматыда бірқатар көше 3 айға жабылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қыркүйек айына дейін бірнеше көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 22:27 СҚО-да балалар лагеріне жолдама 42 мың теңге тұрады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жазғы демалыс лагерлері 17 маусымнан ашылады, биыл жолдама құны 42 мың теңге болып бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 22:03 Алматыда азық-түлік өнімдері қате таңбаланған АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда азық-түлік өнімдерінің таңбалануында сәйкессіздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:07 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 24 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 16:05 Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 4 медаль алды АФИНЫ. ҚазАқпарат - Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Грекияда әлем кубогінің суперфиналында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 14:05 Кинематография туралы заң шикі – Есетжан Қосыбаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кинематография туралы» заңға түзетулер мен өзгертулер енгізу қажет. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 12:42 Қазақстандықтар 1 мыңнан астам қару-жарақты полицияға тапсырған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алып жатыр. Бұл туралы аталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 11:42 Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 11:28 Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 34 қазақстандық көлік сатып алды. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 11:23 Алдағы үш күнде ауа райы суытып, 2 градусқа дейін аяз болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» кәсіпорны 24-26 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 04:05 Атырау облысында жыл басынан бері 4 923 адам тұрақты жұмысқа орналасты АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 4 923 адам тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2022 15:15 Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан Германиямен ойнайды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін, 22 мамырда кезекті ойынын Германияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2022 14:17 Қазақстанда «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қайта құрылмақ. Мұндай бастаманы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.