Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы дайын болды - комитет төрағасы
2022 жылғы 21 сәуір 13:30

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы дайын болды - комитет төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеуді тапсырды. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдық қоғамдық ұйымдардың сұранысына бейімдеу және оларды алу үшін жеңілдетілген режимді енгізу ауылдағы әлеуметтік белсенділікке жақсы серпін береді. «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Мадияр Қожахметтің айтуынша, аталған заң жобасы баламалы мемлекеттік, қоғамдық бақылау институтын енгізуді көздейді.

«Заң мемлекет істерін басқару процестеріне азаматтар мен ҮЕҰ-ның кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл құқықтық жетілдіру қызметінің артында әртүрлі диалог алаңдарында талқыдан өткен үлкен ұйымдастырушылық және аналитикалық жұмыс жатыр»,- деді комитет төрағасы.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT