Көкшетаудың 800 метр биіктігінде өрт тұтанып, оны сөндіруге тікұшақ шығарылды

2022 жылғы 25 қыркүйек, 10:21
Көкшетаудың 800 метр биіктігінде өрт тұтанып, оны сөндіруге тікұшақ шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері анықталып жатыр.

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды», - делінген ведомствоның жедел ақпаратында.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar