Конституциялық реформаның жеке меншіктегі жерге қатысы жоқ – Әділет министрлігі
2022 жылғы 27 маусым 11:03

Конституциялық реформаның жеке меншіктегі жерге қатысы жоқ – Әділет министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрлігі ҚазАқпараттың редакциялық сауалына жолдаған жауабында республикалық референдум арқылы қабылданған конституциялық реформадағы жер қойнауы мен табиғат ресурстарына қатысты бапқа түсініктеме берді.

«Конституцияның 6-бабының 3 тармағына ұсынылған түзетудің жеке меншіктегі жерге қатысы жоқ. Бұл түзету арқылы жер мен оның қойнауы, суы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстары халыққа тиесілі екенін атап көрсету көзделген. Қазіргі таңда Конституция бойынша аталған ресурстар мемлекеттік меншігі ретінде бекітілген. Енді бұл игіліктерге мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асыра алады деп жазу ұсынылып отыр», - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі жолдаған жауапта.

Министрлік мамандары Конституциядағы жерге деген жеке меншік құқығының кепілдігі сақталатынын айтып отыр.

«Қазақстан Республикасында меншік құқығына Конституцияның 26-бабының 2 тармағының 39-бабының 3-тармағы бойынша меншік құқығын шектеуге ешқандай жол жоқ екені айтылған», - деп жазылған министрліктің жауабында.

Еске салсақ, Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндаған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT