Контрабандамен күресте қатаң шаралар қажет - Сенат төрағасы
2022 жылғы 23 маусым 11:55

Контрабандамен күресте қатаң шаралар қажет - Сенат төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қыздырылатын темекі өнімдеріне акциздерді енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселеде жосықсыз кәсіпкерлердің қыздырылатын темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелуінің алдын алу аса маңызды. Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді. Сондықтан акциздерді көтеру саясатымен қатар контрабандаға қарсы күрес бойынша қатаң шаралар да қолға алынуы керек», – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін акциздерді арттырып қана қоймай, контрабандамен де тиімді күресу қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров темекіге акциз кезең-кезеңімен көтерілетінін айтты.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT