Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады
2022 жылғы 1 шілде 15:53

Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 3,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 44 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,50 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 8,88 теңге болды. Бұған дейін Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірген болатын.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT