Коронавирус бір тәулікте 7 адамнан анықталды
2022 жылғы 5 маусым 11:37

Коронавирус бір тәулікте 7 адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 7 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 5, Батыс Қазақстан облысында 1 науқас тіркелді.

Сондай-ақ 4 маусым күні аталған індеттен 11 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында – 7 сырқат.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирустың 1 305 781 жағдайы анықталды. Соның ішінде 1 292 035 науқас сауығып шықты.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT