
2022 жылғы 21 наурыз 08:33
Коронавирусқа қарсы вакцина алған жүкті әйелдердің саны 35 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 441 289 адам, екінші компонентін 9 122 012 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20 наурызға дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 927 920 адам, ІІ дозасын 754 967 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонент
- Жасөспірімдер – 770 027
- Жүкті әйелдер – 35 038
- Бала емізетін әйелдер – 122 690.
ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 630 930
- Жүкті әйелдер – 27 616
- Бала емізетін әйелдер – 96 352.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP