13:26 Қостанай облысында еріген қар суы жолды басып қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат —Қостанай облысында «Торғай - Шилі - Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 17:07 Қостанай облыстық мәслихатының жаңа құрамы жасақталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын бір мандатты аумақтық округтер және партиялық тізім бойынша сайлау қорытындысы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 03:10 Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 11:33 Ғарышкер Жер орбитасынан қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай өңірінде туып-өскен ғарышкер, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Видео kostanaynews Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.03.2023 20:20 Арқалықта мас жүргізуші аялдамаға соғылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Арқалықта мас жүргізуші көлігімен аялдаманы соғып кетті, дп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
17.03.2023 09:10 Қостанай жылу энергетикалық компаниясына 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай жылу энергетикалық компаниясына 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.03.2023 15:43 Қостанайдағы алапат өрт: залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы алапат орман өрті кезінде залал келген ағаштарды кесу есебінен бюджетке 673 млн теңге түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 14:36 Өзгенің атын жамылған екі күдікті 8,5 млн теңгенің тауарын елге кіргізбек болған ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданында орналасқан «Қайрақ» өткізу пункті арқылы Ресейден елімізге 5,7 тонна тауарды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі аталған өңірдің Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
16.03.2023 14:15 Ресейге әскери шлемдерді заңсыз әкетпек болған күдікті ұсталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Қайрақ» автомобиль өткізу пункті арқылы Ресейге әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактарды алып өтпек болған көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 22:05 Халық шағымынан соң «Қой көтеру» сайысында тірі мал пайдаланылмайтын болды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Спорт жарыстарында жануарды пайдалануға қатысты қостанайлықтар білдірген наразылықтан кейін биыл Наурыз мерекесінде өтетін «Қой көтеру» сайысында тірі қой пайдаланылмайтын болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Қазез айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 19:18 Рудныйда 600-ге жуық үйге жылу қайта беріле бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Рудный қаласында құбырды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 600-ге жуық үйге жылу қайта беріле бастады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 14:21 Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әулиекөл ауданының тұрғыны Әйгерім Долдашева салмағы 6,7 келі қызды дүниеге әкелді. Алып қыз Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.03.2023 14:08 Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген Рудный тұрғыны мәжбүрлі емдеуге жіберілді РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Бір жыл бұрын Қостанай облысының Рудный қаласында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген ер адамның ақыл-есінде кемістігі бар деген қорытынды жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 22:22 Қостанайдағы Түйемойнақ ауылын су басу қаупі сейілді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Түйемойнақ ауылын су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдегі ТЖД-ға сілтеме жасап.
09.03.2023 11:50 Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды - ТЖМ АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының аумағында 8 наурызда күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған еді. Осыған орай тас жолдарда авариялық-құтқару операциялары жүргізіліп, 21 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
07.03.2023 10:06 Қостанай облысында жолда қалған 24 адам құтқарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күн райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 24 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
06.03.2023 16:18 Қостанай облысында қар құрсауында қалған 35 жолаушы құтқарылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қостанай облысы трассаларында 7 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Қар құрсауынан 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.03.2023 12:42 Қостанай облысында алдағы жылдары 9 мектеп салынады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгінов Қостанай облысындағы жұмыс сапарында өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
26.02.2023 10:14 Қостанай облысының жолдарында 4 күнде 1615 құқықбұзушылық анықталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер жүргізушілердің жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17.02.2023 19:23 Өрт қаупі жоғары кезеңдерде қостанайлықтардың орманға баруына тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде тұрғындардың орманға баруына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімдігінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.