Қостанай облысында 137 мың адамның әлі күнге медициналық сақтандыруы жоқ
2022 жылғы 12 маусым 13:51

Қостанай облысында 137 мың адамның әлі күнге медициналық сақтандыруы жоқ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 856 мыңнан астам адам тұрады, соның ішінде16 пайызы, яғни 137 мыңнан астам азамат әлі күнге дейін медициналық сақтандырылмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысы бойынша филиалы сақтандырылмаған азаматтардың «портретін» құрастырды. Бұл тізімге жеке кәсіпкерлер – 2,5%, дербес төлеушілер – 1,5%, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 4%, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалар –30% кіріп отыр. Соңғы 12 айда облыста 85 718 адам, яғни 62 пайызы бірде-бір төлем жасамаған», - деді брифинг кезінде қордың Қостанай филиалының басшысы Батырбек Нұрғалиев.

Сақтандырылған азаматтардың ең аз үлесі Қостанай қаласында, Денисовский, Федоров, Сарыкөл, Алтынсарин, Қарабалық және Әулиекөл аудандарында тіркелген.

«Соңғы 12 айда міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлемегендердің арасында кім бар? Бұл, ең алдымен, жеке шаруа жүргізушілер, тіркелмеген азаматтар, жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер. Олар үшін жарна төлеуден гөрі, бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) жүйелі түрде төлеу арқылы МӘМС жүйесінде мәртебе алу әлдеқайда тиімді. Өйткені жарна арқылы мәртебе алу үшін алдыңғы 12 ай (бір реттік – 29 875 теңге) төлеу қажет болады. БЖТ төлеу арқылы ауыл тұрғыны үшін сома 4 596 теңгені (айына 1 532 теңге) құрайды, бұл 6 еседен астам арзанырақ», - деп түсіндірді Б.Нұрғалиев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT