Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын – Нұрсұлтан Назарбаев
2022 жылғы 18 қаңтар 17:31

Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын – Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеуінде елдегі қиын кезеңде өзінің қайда болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған келіп жатқан көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты айтарым мынау. Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын», - деді ол халыққа жасаған бейнеүндеуінде.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT