Қырғызстан шетелдіктер үшін карантин талаптарын айтарлықтай жеңілдетті
2022 жылғы 11 мамыр 14:41

Қырғызстан шетелдіктер үшін карантин талаптарын айтарлықтай жеңілдетті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елге кіруіне арналған карантиндік режим жұмсартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның министрлер кабинетінің 2022 жылғы 30 сәуірдегі шешіміне сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елге кіруіне қойылған шектеулер алынды. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қырғыз Республикасына заңнамада белгіленген тәртіппен Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасындағы жерүсті және әуе халықаралық өткізу пункттері арқылы келе алады.
ПТР сынамасының теріс нәтижелерін немесе вакцинация сертификатын міндетті түрде тапсыруға қатысты санитарлық-карантиндік талаптар да жойылды.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT