Қытай шетелге топтық турларды тоқтатты
2022 жылғы 24 мамыр 08:50

Қытай шетелге топтық турларды тоқтатты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың иммиграциялық органдары шетелдік топтық турларға тыйым салу саясатын жалғастыруда және коронавирус пандемиясына байланысты ел азаматтарына шетелге шығудан бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚХР Мемлекеттік иммиграция басқармасына сілтеме жасап.

«Біз азаматтарға Қытайдан орынсыз кетпеуге кеңес береміз, ал шетелге саяхаттауды жоспарлап отырғандар пандемияға байланысты тәуекелдер мен қауіпті ескеруі керек», - деді ҚХР Мемлекеттік иммиграция жөніндегі басқармасының шекара инспекциясы бөлімінің басшысы Лю Хайтао.

Оның айтуынша, елде әлі де шетелдегі топтық турларға шектеулер бар және шетелдегі көрікті жерлерге саяхаттау немесе достарына бару үшін жеке сапарлауға жол берілмейді.

Сонымен бірге, Қытайдың иммиграциялық билігі халықты қажетті себептер, шұғыл жеке істер бойынша кіру/шығу құжаттарын уақтылы рәсімдейді. Қажетті (шұғыл, кейінге қалдырылмайтын) шетелдік сапарларға гуманитарлық жүктерді жеткізу, негізгі инженерлік жобаларға қатысу, ғылыми зерттеулер, оқу, емдеу, ауыр науқастарға күтім жасау жатады.

2020 жылдың басынан бері Қытай халықаралық рейстердің санын айтарлықтай қысқартты. Бұл індеттің шетелден әкелінуіне жол бермеу үшін жасалды.


Jańalyqtar

MURAǴAT