Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті
2022 жылғы 26 маусым 15:40

Қытайда 3,7 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының 3,7 миллионнан астам тұрғыны нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Нөсер мен су тасқыны 3,4 мыңнан астам тұрғын үйді қиратып, 159,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтірді. Апат салдарынан келген тікелей экономикалық шығын 12,48 миллиард юаньнан (1,86 миллиард доллар) асты.

Жергілікті ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, биылғы су тасқыны кезеңінде Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында алты есе көп жаңбыр жауған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп.

Синоптиктердің болжауынша, Гуанси-Чжуан ауданында қатты жауын мен тайфундар болады. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны Қытайдың оңтүстігіндегі басқа аймақтарға да әсер етті.

Провинцияның негізгі су жолдарының бірі Бэйцзян өзенінің деңгейінің 100 жылдық рекордқа жетті.


Фото: russian.news.cn


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT