Қызметтік үйде тұратын 400-ден астам әскери жекешеленетін баспанаға көшуге асықпай отыр
2022 жылғы 7 маусым 23:11

Қызметтік үйде тұратын 400-ден астам әскери жекешеленетін баспанаға көшуге асықпай отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қызметтік үйде тұратын әскерилер біртіндеп жекешелендіретін пәтер алып жатытр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылы тұрғын үй заңнамасына енгізілген түзетулерден кейін Қарулы күштерде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен адамдарға қалдық құны бойынша жекешелендіруге болатын тұрғын үйге айырбастау құқығы берілді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үйде 742 адам тұрған.

Оның 335-і өз құқығын пайдаланған. Олар қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіретін қалалық пәтерге ауыстырды.

Бүгінгі таңда тұрғын үй айырбастау құқығын пайдаланбаған зейнеткерлердің негізгі бөлігі Алматы, Гвардейск, Сарыөзек, Қапшағай және Жетіген гарнизондарында тұрып жатыр.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Соның нәтижесінде аталған адамдардың тұрғын үймен алмасу мәселесін шешуде оң өзгеріс байқалады.

Бұл мәселені шешу үшін Алматы гарнизонында 240 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама түзетіліп жатыр.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT