Қызылағаш су қоймасының маңынан 60 ұсақ малдың өлексесі табылды
2022 жылғы 19 маусым 23:24

Қызылағаш су қоймасының маңынан 60 ұсақ малдың өлексесі табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысындағы Ақсу ауданының әкімдігі су қоймасы жағасынан табылған мал өлекселеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылағаш ауылдық округі «платина» аумағында болжам бойынша суға құлап, тұншыққан 8 бас ешкі, 9 бас қозы, 43 бас қой шығын болды.

Жағдай шамамен жұма-сенбі күндері болған.

«Мал өлекселері судан шығарылып, Қызылағаш ауылындағы мал қорымына апарып тасталды. Қазіргі мезетте құлақ жапсырмаларына АШЖБ дерекқорынан қарау арқылы талдау жасалынып, мал иесін анықталып жатыр. Мал иесі анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексі бойынша әкімшілік шара қолданылады. Болжам бойынша мал жазғы жайылымға көшіріліп бара жатқан» делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, мал өлекселерінің видеосы желіге жарияланған болатын.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT