Қызылорда облысында 67 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырды
2022 жылғы 15 наурыз 20:40

Қызылорда облысында 67 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 76 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 76 100 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентімен егілді.

Оның ішінде 67 408-і - жасөспірімдер. Ал жүкті әйелдер арасында 2 640 адам бірінші компонентті салдырды.

Лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонентті алғандар - 6041 адам. Қалғаны - басқа топтағы тұрғындар.

«Айта кетерлігі, өңірде Pfizer препаратымен ревакцинация жасап жатқандар да бар. Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 94,2 пайызы вакцина салдырды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT